Елордада оқушылар арасында «Бұрымды қыз» челленджі басталды
Астана қаласының білім басқармасы Instagram парақшасында «Бұрымды қыз» челленджін бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Видеода қыздар шашын әдемілеп өріп, оған күміс шашбау тағады.
Челлендждің мақсаты – ұзын күйде өріп, әдемілік пен сымбаттылық беру арқылы тәрбиеге баулу.
Челлендж барысында № 81 «Astana English school» Халықаралық мектебінің оқушылары желі қолданушыларын өрілген әдемі шашымен қуантып, ою-өрнектері бар ұлттық шаш бұйымдарын көрсетті.
Челленджге түрлі ұлт өкілдері қатысты.