Елорда жаңалықтары

Елордада Нұртай Агубаевтың кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Даму күні» шарасы аясында тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаевпен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info

Шара барысында автор ақпарат ағыны қарқынды болып тұрған шақта сананың фрагменттелуіне жол бермеудің, әлеуметтік роботтандырудың құрбаны болмаудың жолдарын, ұнамды философия мен шынайы философияның арасында таңдауды қалай жасау керек екенін түсіндірді. Өмір адамзатқа қандай сабақ беретіні және неліктен саналы диалог кеңістігі қызу пікірталас алаңынан маңыздырақ және қызықтырақ екені туралы айтты. Одан бөлек басқа да идеялық-философиялық мәселелерді көтерді. 

Нұртай Агубаевтың шығармасында көп жыл бұрынғы және жақында болған оқиғаларға байланысты көптеген тың материал жазылған. 

Автор бұрынғы КСРО халықтарына тән «катастрофиялық сана» және болып жатқан өзгерістерді түсінбеушіліктен туындаған «конфликттік ойлау» сияқты ұғымдарды түсіндірді. Болашақ мемлекеттік қызметшілерді ерекше қызықтырған тақырып «бюрократиялық ритуализм» және оның салдары болды. 

Айта кетейік, «Даму күні» шарасы аясында Академия білім алушылары мен қызметкерлерінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін дамыту мақсатында әртүрлі саладан спикерлер шақырылады. 

Заманауи технологияларға тәуелді, кейбір дағдыларды және жанды қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін жоғалтып бара жатқан жастар үшін мұндай кезесулер өте маңызды.
 
-->

«Кітап Қазақстан үшін көркем жанр, публицистика және зерттеу синтезіне негізделген мемуаристиканың жаңа түрін ұсынады. Онда «тағдыр» ұғымының өзіндік интерпретациясы берілген, ал өмір тарихы адамның өзіндік «Меніне» баса назар аудармай, қоршаған әлемді түсіну призмасы арқылы берілген», – деді Академия Қолданбалы зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұртай Агубаев. 