Елорда жаңалықтары

Елордада «Мектепке жол» акциясы басталды

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биыл да «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды, деп хабарлады Elorda.info

Акция шеңберінде Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты аудан аумағындағы 3 ірі сауда нүктелеріне («Жаннұр», «АйМақ-Тау» сауда орталықтары және «Тұлпар» жиһаз орталығының маңы) «Мектепке жол» акциясына арналған жәшіктер орналастырды.

Шараның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, инклюзивті білім алатын балаларға кеңсе тауарларымен көмек көрсету. 

Бүгінгі акцияға алғашқы болып Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бастаған мәслихат депутаттары және ерікті меценаттар қатысып, арнайы құрал-жабдықтарға толы сөмкелер салды. 

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 2 521 оқушы 1-сыныпқа жолдама алып, 1 142 түлек білім ордасынан түлеп ұшпақ.

-->

Арнайы жәшіктерге қаламыздың әрбір көмек қолын созғысы келетін азаматтары мектепке керек құрал-жабдықтармен толтырып, кішкентай бүлдіршіндерге көмек көрсете алады.

Акция аясында өткен жылы Байқоңыр ауданы бойынша 1000-ға жуық бүлдіршін кеңсе тауарларымен толтырылған мектеп сөмкелерімен қамтылды. Биыл да игі науқан аясында мүмкіндігінше көп бүлдіршіндерді қамтуға ниетті, - делінген аталған ақпаратта.