Елорда жаңалықтары

Елордада мейрамханада соққыға жығылған келіншек қайтыс болды

Бұл ақпаратты Астана қаласының Полиция департаменті растады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Телеграм каналдардың мәліметінше, әйелдің өліміне кінәлі ретінде бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишимбаев күдікке ілінді.

-->

 

Астана қаласы Полиция Департаменті  жедел басқару орталығына қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан алған дене жарақатынан әйелдің қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті.Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және Астана қаласы ПД жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді" осы қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды, - деп жазылған хабарламада.

Телеграм каналдардың мәліметінше, әйелдің өліміне кінәлі ретінде бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишимбаев күдікке ілінді.