Елордада медицина агенттеріне арналған ақпараттық тур өтті
Астанада ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасында Қытай елінің дәрігерлері мен медицина агенттеріне арналған ақпараттық тур өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырды.
Аталған тур еліміздің бас қаласын жетекші медициналық туристік бағыт ретінде танымал етуге, медициналық туризмді дамытуға және әртүрлі елдердің осы саладағы мамандарымен байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға бағытталды.
Бұл ауқымды іс-шараның қатысушылары қаланың үздік медициналық мекемелерін аралап, ондағы медициналық қызметтермен танысты, сондай-ақ елорданың туристік инфрақұрылымын тамашалады.
Тур қатысушылары әуелі ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасын аралап, ондағы озық үлгілі медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты.
Аурухананың КТ және МРТ бөлімшесінің аға дәрігері Игорь Берестюк жапондық Canon Aquilion one компьютерлік томографиясының ерекшеліктері туралы айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда теңдесі жоқ аталған медициналық құрылғы осы ауруханаға 2022 жылы қарашада қондырылған.
Ал Canon orain магниттік-резонанстық томографиясы пост кеңестік кеңістікте екі-ақ елде бар. Оның бірі Әзербайжан Республикасында болса, бірі Қазақстан Республикасында. Ерекшелігі – жеделдігі және шуының аздығында. Мәселен, кәдімгі құрылғыларда зерттеулер 30 минут аясында жүргізілетін болса, аталған магниттік-резонанстық томографиясы арқылы бұған 15-20 минут уақыт қана жұмсалады. Бұл өз кезегінде, науқастың психо-эмоционалдық жағдайын қалыпты ұстауға көмектеседі. Бұнда ісіктердің нейровизуализациясын көруге, трактография, спектрографияны жүргізуге болады. Аталған магниттік-резонанстық томографияның компьютерлік томографияға қарағанда ағзаға тигізер зияны анағұрлым аз, өйткені мұнда сәуле пайдаланылмайды.
Маммография пультпен басқару бөлмесінде Pristina Senographe деп аталатын инновациялық медициналық құрылғы орнатылған.
Сондай-ақ мамандар сараптамалық кластағы ультрадыбыстық құрылғының жұмысымен танысты.
Әрі қарай тур қатысушылары оңалту бөлімшесінде орналасқан емдік-сауықтыру құрылғыларын көрді. Оның ішінде аяққа арналған құйынды шомылғы, су астындағы душ-массажы, Хаббард ваннасы, су жаттығулары, Шарко себезгісі, дөңгелек душ сияқты емдік бөлмелердің әрқайсысына барып, мамандармен пікірлесті.
Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пекин қаласында болғаны белгілі. Міне, сол екі ел арасында болған өзара әрекеттер нәтижесінде біздің қазақстандық медицинаға деген қызығушылығымыз артып отыр. Біз көптеген кәсіпкерлермен іскерлік байланыстамыз. Соның ішінде медициналық туризмді дамыту бағытында да байланыстар орнатудамыз. Қазақстандағы осы бағытпен танысқан соң, екі елге де пайдасын тигізер келіссөздер жүргізілуі мүмкін, - деп түйіндеді турды Қытайдағы туристік агенттік директоры Zhang Хiaoyu.
Айта кетейік, тур қатысушылары бұдан соң да басқа медициналық нысандарды аралайтын болады.
-->Іс-шараны Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Бұл инновациялық замануи құрылғы – сүт бездерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. 1 құрылғыда 5 қызмет топтастырылған. Құрылғы арқылы күнделікті 30 шақты науқасты тексереміз. Жалпы, күніне 50 әйелдің денсаулығын тексеруге мүмкіндік бар. Контрасстық маммография, бұл - ағзаға контрасстық зат енгізу арқылы әйелдердегі омырау обырының белгілерін ерте көруге мүмкіндік беретін әдіс, - дейді дәрігер рентгенолог Салтанат Рахманқұлова.