Елордада Майқайың көшесі уақытша жабылды
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайың көшесінде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен бастап Балталы көшесі дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
-->Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен бастап Балталы көшесі дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.