Елордада мұқтаж отбасылар көмірді тегін алды
Үркер тұрғын үй алабындағы 20-дан астам мұқтаж отбасыға қатты отын жеткізілді. Акция Астанада бастау алған «Мейірімділік марафонына» байланысты ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Көмір алғандардың бірі, I дәрежелі мүгедек Теюб Әлиев болды. Ол акция демеушілері мен әкімдік қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, елордада «Мейірімділік марафоны» эстафетасы басталды. Оның басты мақсаты - адамдарға халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына көмек көрсетуге мүмкіндік беру. Акция аясында әрбір тұрғын өз үлесін қосып, мұқтаж жандарға көмек көрсете алады.
-->
Бүгін 20 отбасы 2,5-3 тонна көмір алады. Бұл - аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады,- деді Нұра ауданы әкімінің Үркер тұрғын алабындағы инспекторы Жарқын Айтжанов.
Көмір алғандардың бірі, I дәрежелі мүгедек Теюб Әлиев болды. Ол акция демеушілері мен әкімдік қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Қыс мезгілінде мұқтаж адамдарға көмек көрсеткендеріңіз үшін өте қуаныштымын. Жылу үшін рахмет. Әкімдікке және барлық қызметкерлерге алғыс айтамын, - деді ол.