Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады
LRT құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты Астанада автокөліктерге арналған қозғалыс екі жол учаскесінде жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz CTS-ке сілтеме жасап.
«12 қазан күні сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін және 13 қазан күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Сығанақ көшесінің оң жақ съезінде Арыс көпірінен Мәңгілік ел даңғылына дейін (Достық көшесіне қарай) жолдың жоғарғы құрылысына негіздерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыстарды жабу жоспарлануда. Бұл ретте Сығанақ көшесіндегі екі бағыттағы қозғалыс ашық күйінде қалады», - деп жазылған хабарламада.