Елорда жаңалықтары

Елордада ұлттық музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана жұмыс істейді

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елорда шеберлерінің шақыруымен ұлттық музыкалық аспаптарды жасау және қалпына келтіру бойынша шеберхананың жұмысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Бұл шеберхана «Біріккен музейлер дирекциясы» жанындағы «Ұлттық өнер музейі» бөлімшесінің құрамына кіреді. Шеберхана қызметкерлері Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауда үлкен рөл атқарады, сазсырнай, сыбызғы, керней, бұғышақ, адырна, шертер және басқа да бірегей музыкалық аспаптарды қалпына келтіріп, қайта жасайды.

«Шеберхана аспаптарды реставрациялаумен ғана шектелмей, кинематография саласына арнайы тапсырыстар әзірлейді, бұл өз кезегінде мәдени және өнер жобаларына ерекше ұлттық реңк береді. Шеберхана заманауи станоктармен және арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл депутаттық корпустың қолдауының арқасында мүмкін болды», - деп жазды Е.Каналимов.