Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразиялық құрылтайы өтеді
14-15 қараша күндері елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразиялық құрылтайы өтеді. Бұл – әлеуметтік экономиканы дамытуға мүдделі бизнес өкілдері, блогерлер мен белсенділер үшін ауқымды оқиға, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форум өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің экожүйесін нығайтуға, тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге және жергілікті әрі халықаралық деңгейде өмірді жақсарту және әлеуметтік бастамаларды қолдау үшін серіктестіктер қалыптастыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, құрылтайға қатысу жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін пікірлес адамдарды табуға мүмкіндік береді.