Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті таратылды
«Құрбан айт» мейрамы қарсаңында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер мен еріктілердің көмегімен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері тапсырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қайырымдылық шарасында 1000-нан астам отбасыға азық-түлік себеті үлестіріледі. Азық-түлік жиынтығын таратуда еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар көмек көрсетіп жатыр. Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, елордада тоқсан сайын мұқтаж жандарға көмек көрсетілмек.
Елордада 180 мыңнан аса әлеуметтік аз қамтылған отбасы бар. Биыл осы санаттағы 4 мың отбасыға азық-түлік себетін тапсыру жоспарланған. Игі істің басы-қасында жүрген қала әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек өз сөзінде, соңғы 4 жылда осындай 30-ға жуық қайырымдылық шарасы өткені туралы айтты.
Азық-түлік себеттері тізімдегі мекенжайлар бойынша таратылады. Іс-шараны ұйымдастырушылармен бірлесіп, біз де көпбалалы ана Гүлбинаның үйіне бардық. Елордаға 2008 жылы Леңгірден көшіп келген Гүлбина Көшербаева қайырымдылық жасап жүрген барлық жандарға алғысын білдірді.
Астанада 20 жылдан бері тұрып жатқан Гүлнараим Мырзабекова қала әкімдігі әрқашан көмек қолын созатынын айтты.
Айта кетейік, иг іс ертең де жалғасады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Қайырымдылық шарасында 1000-нан астам отбасыға азық-түлік себеті үлестіріледі. Азық-түлік жиынтығын таратуда еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар көмек көрсетіп жатыр. Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, елордада тоқсан сайын мұқтаж жандарға көмек көрсетілмек.
Қала әкімдігі жыл басында Qazaq oil-мен меморамдумға отырып, тоқсан сайын мұқтаж жандарға көмектесуді көздеп отыр. Осы жолы азық-түлік себетінің жанына құрбандыққа шалынған малдардың бір бөлігін қосып беретін боламыз. Құрбан еттерінің үштен бір бөлігін елорда тұрғындары, оның ішінде мұқтаж жандарға тарату көзделген болатын. Тұрғындар тізімі қалалық және аудан әкімдіктеріне түскен өтініштер бойынша жасалады. Мұндай сауапты істе көмектесіп жүрген барлық жандарға алғыс білдіремін. Құрбан айт мейрамы құтты болсын!,- деді басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.
Елордада 180 мыңнан аса әлеуметтік аз қамтылған отбасы бар. Биыл осы санаттағы 4 мың отбасыға азық-түлік себетін тапсыру жоспарланған. Игі істің басы-қасында жүрген қала әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек өз сөзінде, соңғы 4 жылда осындай 30-ға жуық қайырымдылық шарасы өткені туралы айтты.
Бүгінгі іс-шара дәстүрлі «Игі істер» марафоны аясында өткізіліп отыр. Себетте әлеуметтік маңызды азық-түліктер мен үй шаруашылығына қажетті заттар бар. Бір қорап шамамен 40 келідей. 2019 жылдан бері 30-ға жуық осындай игі іс жасалды. Осы орайда барлық елорда тұрғындарын қайырымдылық жасауға шақырамын. Құрбана айт баршамызға құтты болсын,- деді қала әкімінің кеңесшісі.
Азық-түлік себеттері тізімдегі мекенжайлар бойынша таратылады. Іс-шараны ұйымдастырушылармен бірлесіп, біз де көпбалалы ана Гүлбинаның үйіне бардық. Елордаға 2008 жылы Леңгірден көшіп келген Гүлбина Көшербаева қайырымдылық жасап жүрген барлық жандарға алғысын білдірді.
Бізге көмек қөрсетіп жатқандарыңызға өте қуаныштымыз. Менің 5 балам бар. Үйде жолдасым ғана жұмыс істейді. Бұл азық-түлік себеті біздің отбасымызға үлкен көмек. Қазір бір келі шекердің өзі 625 теңге тұрады. Қымбатшылық заманда азық-түлікке көп ақша кетеді. Қазір үй кезегінде тұрмын. Бізге көмектесіп жатқан қала әкімдігі, одан кейін Байқоңыр аудан әкімдігі мен еріктілерге алғысымды айтамын,- деді Гүлбина Көшербаева.
Астанада 20 жылдан бері тұрып жатқан Гүлнараим Мырзабекова қала әкімдігі әрқашан көмек қолын созатынын айтты.
Құрбан айтта игі іс жасап жатқан азаматтарға алғысымды айтқым келеді. Алладан қайтсын. Айт мейрамында көпбалалы аналарды қуантып жатсыздар. Астанада тұрып жатқаныма 20 жылдан асып кетті. Бес балам және ерекше күтімді қажет ететін қызым бар. Бұл үйді 2020 жылы қаңтарда алдым, 10 жыл үй кезегінде тұрдым,- дейді Гүлнараим Мырзабекова.
Айта кетейік, иг іс ертең де жалғасады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ