Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті
Астанада қар аралас жаңбыр жауып тұр. Көшелерді тазарту үшін түнгі ауысымда 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада қар күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жолдары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Түнгі ауысымда қар тазалауға 200-ден астам жұмысшы мен 700-ден астам арнайы техника жұмыс істеді.
10 наурызда бір күнде полигондарға 27 мың текше метр қар 2,1 мың ауыр жүк рейсі арқылы жеткізілді.
Қыс мезгілінің басынан бастап 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 451 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.
-->Астанада қар күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жолдары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.