Елордада классикалық музыка кеші өтті
Астанала амфитеатрда «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырды.
Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылды. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалды. «GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі. Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында түрлі жанр бойынша жанды музыка орындалды. Мұның барлығы түрлі буын өкілін топтастырған шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.