Елорда жаңалықтары

Елордада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің үстіңгі қабатын салады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 19-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.