Елорда жаңалықтары

Елордада «Әке – отбасының тірегі» атты іс-шара өтті (ФОТО)

Бүгін қазақстандықтар Әкелер күнін алғаш рет атап өтіп жатыр. Астана тұрғындарына жаңа мереке ұнады. Көптеген қала тұрғындары Ботаникалық бақта өткен «Әке – отбасының тірегі» – open talks іс-шарасына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен елорда әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

игры.jpg

Негізгі мақсат – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, «ата-ана» идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын 10 шығармашылық алаң күтіп тұрды: ұлттық қолөнер шеберханасы, керамика, кілем тоқу, «Аквагрим», «Лабиринт» квест-ойындары, «Бестемше», «Қызықты stem әлемі» ұлттық ойындары.

1ee40203-d86f-4242-9a53-867c19f833b7.jpg

c3127839-4be1-4848-9c49-f25ef6395693.jpg

Іс-шараға қатысушылар жергілікті педагогтардың, шебер қолөнершілер мен суретшілердің жұмыстарын тамашалай алды.

Малика ГАЛИЕВА

-->

Әкелер күні көптеген Азия елдерінде атап өтіледі. Біз осындай мерекені өзімізде ұйымдастыруды шештік. Себебі қазақтардың отбасындағы әкенің рөлі әрқашан маңызды болған. Ер адам өзі үшін ғана емес, әйелі мен балалары үшін де жауап береді. Ол отбасында негізге тірек болып табылады. Алайда, ата-ана тәрбиесімен негізінен аналар айналысады, ал біз бұған ер адамдар да белсенді қатысқанын қалаймыз, - деді «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет

Елорда тұрғындары мен қонақтарын 10 шығармашылық алаң күтіп тұрды: ұлттық қолөнер шеберханасы, керамика, кілем тоқу, «Аквагрим», «Лабиринт» квест-ойындары, «Бестемше», «Қызықты stem әлемі» ұлттық ойындары.

1ee40203-d86f-4242-9a53-867c19f833b7.jpg

Барлығы өте керемет! Мен мерекеге жалғыз емес, әкеммен келдім. Біз бірге садақ атуды үйрендік, армрестлингтің негіздерін білдік, қазақтың ұлттық ойындарының қыр-сырын білдік. Бүгінгі күн ұзақ уақыт есте қалады деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға рақмет, - деді Астана тұрғыны Самат Қамзин.

c3127839-4be1-4848-9c49-f25ef6395693.jpg

Іс-шараға қатысушылар жергілікті педагогтардың, шебер қолөнершілер мен суретшілердің жұмыстарын тамашалай алды.

Малика ГАЛИЕВА