Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтті
Бүгін Астанада АҚШ Елшілігінің қолдауымен қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа» тақырыбында VII форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
QazaqForum - АҚШ Елшілігінің ұзақ жылдар бойы қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау үшін өткізіп келе жатқан ауқымды шарасы. Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо Қазақстан аймақтағы озық технология көшін бастап келе жатқанын атап көрсетті.
Форумға еліміздің әр түкпірінен келген 300-ден астам медиа сарапшылар, журналистер мен блогерлер қатысты. Биыл жетінші рет өткізілген форум танымал тұлғалар мен спикерлердің басын біріктірді. Олардың қатарында арнайы АҚШ-тан келген маман Эмерсон Брукинг, Еркін Тұқымов, Рүстем Биғари, Жайнагүл Төлеміс, Арман Абдрасилов, Сырым Итқұлов, Нұрсұлтан Құрман, Нұрбек Мәтжани, Кенжебек Азатбеков, Айгүл Жамалова, Нұрмахан Мұқанұлы, Гүлнұр Мамасарипова, Аман Тасыған, Абылай Адайұлы бар.
Қатысушылар контент жасаудың формасы, әдістері мен тәсілдері, контентті тұтыну мәдениеті, жаңа технологиялар, жасанды интеллект және халықаралық реттеу стандарттары, креативті индустрия сияқты тақырыптарды талқылады.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуының азаматтардың өміріндегі рөлі мен ықпалы туралы ойымен бөлісті.
Сонымен қатар Еркін Тұқымов қазір әлемде жасанды интеллекттің қатысуымен 4 трлн АҚШ долларына бағаланатын тауарлар өндірілетін, ал 2030 жылға қарай барлық көрсетілетін қызметтердің 70 пайызы ЖИ арқылы болады деген болжам бар екенін атап өтті.
Форум қатысушылары су тасқыны туралы Батыс Қазақстан облысынан 360 форматта түсірілген арнайы репортажбен танысып, «Астана Ван Гог» картиналары атауымен жасанды интеллект арқылы жасалған Астана бейнеленген қозғалмалы суреттерді тамашалады.
Бұған қоса форум барысында нейрожелілер мен промптарды қалай пайдалану керектігін және интеллект көмегімен контент жасау жолдары көрсетілді.
-->QazaqForum - АҚШ Елшілігінің ұзақ жылдар бойы қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау үшін өткізіп келе жатқан ауқымды шарасы. Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо Қазақстан аймақтағы озық технология көшін бастап келе жатқанын атап көрсетті.
«АҚШ Елшілігінде біз Қазақстанның жас мемлекет ретінде дамуына қолдау көрсету, заманауи институттарын нығайту, жаңа экономикалық мүмкіндігін ашу және орасан зор адами капиталының әлеуетіне үлес қосу үшін Қазақстан үкіметі, азаматтық қоғамы және жеке сектордағы әріптестерімізбен 30 жылдан астам бірге тығыз жұмыс істеп келеміз. Біз Қазақстанның жас мемлекет ретінде өркендеуі үшін өзінің бай мұрасының тілдік және мәдени дәстүрлерін қабылдап, оларды ХХІ ғасырдағы Қазақстанның жаңашылдығына үйлестіреріне бек сенімдіміз. Осының нәтижесінде қуаты, егемендігі, демократиясы артқан Қазақстан біздің екі елімізге де игілік әкеліп, Орталық Азияның күшті, тұрақты, әрі бейбіт бола беруіне жол бастайды», - деді Джуди Куо.
Форумға еліміздің әр түкпірінен келген 300-ден астам медиа сарапшылар, журналистер мен блогерлер қатысты. Биыл жетінші рет өткізілген форум танымал тұлғалар мен спикерлердің басын біріктірді. Олардың қатарында арнайы АҚШ-тан келген маман Эмерсон Брукинг, Еркін Тұқымов, Рүстем Биғари, Жайнагүл Төлеміс, Арман Абдрасилов, Сырым Итқұлов, Нұрсұлтан Құрман, Нұрбек Мәтжани, Кенжебек Азатбеков, Айгүл Жамалова, Нұрмахан Мұқанұлы, Гүлнұр Мамасарипова, Аман Тасыған, Абылай Адайұлы бар.
Қатысушылар контент жасаудың формасы, әдістері мен тәсілдері, контентті тұтыну мәдениеті, жаңа технологиялар, жасанды интеллект және халықаралық реттеу стандарттары, креативті индустрия сияқты тақырыптарды талқылады.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуының азаматтардың өміріндегі рөлі мен ықпалы туралы ойымен бөлісті.
«Біраз уақыт бұрын смартфондардың біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатынын, көп жұмысымыздың смартфонның көмегімен шешілетінін білмедік. Жасанды интеллект те дәл солай, қазірдің өзінде ол барлық салаға дендеп еніп келеді. Тіпті шынайы өмір мен виртуалды әлемнің аражігін ажырату қиындап барады. Алайда жасанды интеллект пен басқа да цифрлық технологиялардың дамуының екінші жағын, одан туындауы мүмкін қауіп-қатерді де естен шығармаған абзал. Мәселен, әзірге ЖИ параметрлерін адам енгізеді, демек адамның қалауына қалай әрекет етеді, ал генеративті жасанды интеллект өзі ойлай алады, эмоцияны түсінеді, сонда алдағы уақытта адаммен санаспай, өзі шешім қабылдайтын деңгейге жетуі мүмкін. Сондықтан біз бұған дайын болуымыз керек», - деді ол.