Елордада Күйші Дина көшесі төрт айға жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысын бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі «Мирас» мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.