Елорда жаңалықтары

Елордада күштік көпсайыс бойынша турнир өтеді

15 наурызда елордалық Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Наурыз мейрамына орайластырылған «Қажымұқан жолы – student cup» көпсайысы өтеді, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық іс-шараны өткізу туралы бастаманы «Қазақстан спортшылар одағы» мен Туризм және спорт министрлігінің амбассадоры, Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников көтеріпті. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Жарыстың символы ретінде бүкіл әлемге қазақ күресі мектебін дәріптеген, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов бейнеленген.

Көпсайыс бағдарламасына кіретін бес сайыстың әрқайсысының атрибуттары ерекше сәт тудырып, қатысушыларға бабалардың рухына енуге мүмкіндік береді.

Жарыс бағдарламасында – қапты (50 кг) биіктікке көтеру; статикалық тізбекті ұстау (гір 24 кг), болат арматураны майыстыру (14 мм * 60 см); қапты жолақ арқылы лақтыру (80 кг), арқан тарту.

Ең мықтының кім екенін анықтау үшін әр жоғары оқу орнынан 2 спортшыдан барлығы 32 қатысушы бақ сынайды.

Жүлделі орындарға ақшалай сертификаттар қарастырылған. Турнир 15 наурыз күні сағат 11:00-де басталады.

-->