Елорда жаңалықтары

Елордада «Көшпенділер жалыны» атты концерт өтті

«Көшпенділер жалыны» концерттік бағдарламасының әрбір нотасы әр аккорды этникалық мұраны инновациялық музыкалық формалармен үйлестірді, ал бұл әрбір тыңдарманның жүрегін толғандырғаны анық, деп хабарлады Elorda.info.kz.

Ұлы даланың ең көне түкпірлерінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан музыкалық оттың сыры жатыр. Көшпенділердің мәдениеті мен даналығының көрінісі осы «Көшпенділер оты» концерттік бағдарламасында бейнеленген. Концертте музыкалық асыл мұраларымыздың аспаптық үні этно-фанк пен этно-роктың заманауи дыбыстарымен үйлесім тапты. «Көшпенділер жалыны» өткен мен болашақтың арасындағы көпір іспеттес жоба болды.  Ал музыка -  уақытқа да, шекараға да шектелмейтін адамзаттың жақұттарының бірі, - делінген филармонияның баспасөз қызметі ұсынған хабарламада. 

Бағдарламада «ALEM» заманауи би балеті, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, филармонияның камералық хоры, эстрадалық, классикалық вокал, халық әні бөлімдерінің солистері, сондай-ақ эстрадалық симфониялық оркестр өнер көрсетті. Көрермендер хореографиялық қойылымдар және жарық әсерлерімен безендірілетін оркестрдің, вокалистер мен аспаптық солистердің жанды дауысын тамашалады. Қазіргі қазақ композиторлары Тоғжан Жахин, Қарагөз Ғасымова, Еділ Құсайынов және басқалардың төл туындыларымен қоса, қазақ музыкасының інжу-маржандары – «Айқаракөз», «Екеуін-ай», «Қарай көзім» халық әндері орындалды.

Жоба авторлары көрермендер үшін тосын сый да дайындады. Концерт барысында суретші сахнада музыкалық-хореографиялық әрекетті бейнеледі.

Айта кетейік, «THE NOMADS’ FIRE» жобасының жетекшісі – ALEM заманауи би балетінің көркемдік жетекшісі және елордалық филармонияның бас режиссеры Бақыт Тәжинов.

-->