Елордада көру қабілеті бұзылған балалар үшін ресурстық орталық ашылды
Астанадағы Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясында көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқытатын ұстаздарға арналған ресурстық орталық ашылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көп көңіл бөлінеді. Соның ішінде көру қабілеті бұзылған балалардың саны жыл сайын артып келеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының соңғы дерегі бойынша, елордада көзі нашар көретін 636 бала бар. Ал қала бойынша тек Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясы көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқытады.
№10 мектеп-гимназиясында 180 көру қабілеті бұзылған балалар оқиды, оның 29 оқушы зағип оқушы. Мектепте олардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектеп директоры Бақытжан Орынбаевтың сөзінше, білім ордасында 2005 жылы көру қабілеті нашар оқушыларға арналған алғашқы сынып ашылған.
Білім ордасы орналасқан шағын ауданда 180 баланың тек 28-і ғана тұрады. Ал қалған оқушылар жақын маңдағы мектепте білім алады. Ресурстық орталық көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беретін мектептерге консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.
Ресурстық орталықтың тифлопедагогі Оразгүл Өмірбаева көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеген 18 жыл ішінде көп тәжірибе жинағанын айтады.
Айта кетейік, мектеп ұжымы бұл жұмысты жаңа оқу жылында бастамақ. Ал бүгінде 1700 бала оқитын мектеп-гимназияны 73 жас түлек аяқтады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->

Біз Астана қаласы бойынша көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқытатын жалғыз мектеппіз. Алғаш рет 2005 жылы көру қабілеті нашар оқушылар үшін жеке сынып аштық. Кейін 2015 жылы зағип балаларға арналған арнайы сыныптар ашылды. Биыл оқу жылы осы санаттағы балалар үшін эксперимент жылы болды. Себебі, біз 7-сыныпта оқитын екі зағип оқушыны кәдімгі қатарластары оқитын сыныпқа көшірдік. Олар өз сыныптастарымен бірге білім алды. Басты мақсатамыз көзі көрмесе де, қоғамнан бөлектемей бірге білім беруді қаладық. Тәжірибе жақсы өтті, екі оқушы мен олардың ата-аналары риза. Ал бүгінгі ресурстық орталық көзі нашар көретін балалармен жұмыс істейтін ұстаздарды оқыту, өз тәжірибемізбен бөлісу үшін ашылып отыр,- дейді мектеп директоры Бақытжан Орынбаев.
Білім ордасы орналасқан шағын ауданда 180 баланың тек 28-і ғана тұрады. Ал қалған оқушылар жақын маңдағы мектепте білім алады. Ресурстық орталық көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беретін мектептерге консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.
Ресурстық орталықтың тифлопедагогі Оразгүл Өмірбаева көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеген 18 жыл ішінде көп тәжірибе жинағанын айтады.
Бүгінде орталықта дефектолог, логопед, психолог және тифлопедагог мамандары бар. Олар қала қала мектептерінің мұғалімдерімен 18 жыл ішінде жинаған тәжірибелерін бөлісуге дайын. Олар қала мұғалімдеріне практикалық семинар мен жиындар өткізіп, әдістемелік қолдау көрсетеді,- дейді Оразгүл Өмірбаева.