Елорда жаңалықтары

Елордада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды

Астаналық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.

Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында», - делінген хабарламада.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.