Елорда жаңалықтары

Елордада көпқабатты кешен салу жоспарланған 9 орында гүлзарлар салынады

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2023 жылы 165 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды. Орталық жағалауға іргелес жатқан тарихи көшелер реконструкцияланды. Сәтбаев көшесінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған променад абаттандырылды. Көгалдандыруға ерекше назар аударылды, нәтижесінде елорданың ең жасыл көшелерінің біріне айналды.

Ұзындығы 3 шақырымнан асатын Ақбұлақ жағалауы Амман көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлына дейін абаттандырылды. «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Салтанат қақпасы жанындағы саябақ абаттандырылды, Бөгенбай батыр даңғылының бойында стихиялық сауда ретке келтіріліп, реновация жүргізілді және т.б.

Жасыл желектер саны 2,5 есе артты, оның ішінде құрылыс салушылардың да үлесі бар. Елордада 24 қоғамдық қысқы кеңістік ашылды. 60-тан астам мұз айдыны мен сырғанақ орнатылды.

Бекітілген дизайн код бойынша сыртқы жарнаманы ретке келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Биыл да елорданың сырт келбетін жақсарту, жасыл желектер мен жайлы қоғамдық кеңістіктер ашу жұмысы жалғасады.

-->

Осыған дейін көпқабатты кешен салу жоспарланған 9 орында гүлзарлар мен қоғамдық орындар болады. Мәселен, Айтматов-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы учаскеде 12 қабатты көпфункционалды кешеннің орнына гүлзар ашылды, сол сияқты Тұран даңғылында тұрғын үй кешенінің орнына гүлзар салынды және т.б., - деді Жеңіс Қасымбек.