Елордада көпқабатты үйлердің балконына 300-ден астам ту ілінді
Кеше Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Astana jastary» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «челлендж» ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Көпқабатты үйлердің балконына ту ілу акциясы жыл сайын елімізде 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналды.
-->Көпқабатты үйлердің балконына ту ілу акциясы жыл сайын елімізде 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналды.
Бүкіл аудандарға 330 ту берілді. Оның 150-і Сарыарқа ауданына бөлінді. Қала бойынша ту ілу жұмысына шамамен 50 адам қатысты. Қарсылық танытқандар болған жоқ, тұрғындар бұл челленджді өте жақсы қабылдады. Біздің басты мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз, - деді Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.