Елордада көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды
Елордада көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер бейнекамералардың көмегімен түнгі уақытта тұрғын үй алаңдарының бірінде есігі құлыптанбаған автокөліктерді іздеп, тұтқаларын тартып жүрген ер адамды анықтады. Осылайша, ол есігі жабылмаған Toyota Camry автокөлігінен ішінде 500 мың теңге ақшасы бар барсетканы қолды қылған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 23 жастағы ер жігітті анықтады. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Ұрланған ақшаны өзінің қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.
Астана қаласы полиция департаменті азматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.