Елорда жаңалықтары

Елордада көлік карталарын рәсімдеудің жаңартылған шарттары енгізіледі

Астанада 1 наурыздан бастап пластикалық карталарды рәсімдеудің жаңартылған шарттары енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жаңа техникалық форматтағы көлік карталарына көшірілуіне байланысты енді бастапқы шығару және қайта шығару құны 1 200 теңгені құрайды.

Бастапқы шығарылым оған дейін 1 000 теңге, қайта шығару 2 000 теңге болатын.

«Альтернативті нұсқа – виртуалды карталар! Оларды рәсімдеу тегін, ал жолақы төлемі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.

Көп реттік толықтыруға арналған стандартты көлік картасының құны өзгеріссіз қалады – 1 000 теңге», - делінген City Transportation Systems ЖШС хабарламасында.

Айта кетейік, жеңілдікті және мектеп көлік картасын Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан рәсімдеуге болады.