Елордада үйсіз-күйсіз жандар көбейді
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Демеу» әлеуметтік қосу орталығының әлеуметтік бөлім басшысы Сәуле Әбсадықова айтты деп хабарлады Elorda.info.
Мекеме өкілі берген дерек бойынша, былтыр орталық 1267 адамды қабылдаған. Оның ішінде 162-сі әйел болса, қалғаны ер адамдар. Бұл қатарда бұрын сотталған азаматтар да бар екен. Бұл көрсеткішті 2021 жылғы сандық дерекпен салыстырсақ, үйсіз-күйсіз адамдар саны шамамен 300-ге артқан. Келушілердің 80 пайызы ішімдікке салынған адамдар көрінеді.
-->Мекеме өкілі берген дерек бойынша, былтыр орталық 1267 адамды қабылдаған. Оның ішінде 162-сі әйел болса, қалғаны ер адамдар. Бұл қатарда бұрын сотталған азаматтар да бар екен. Бұл көрсеткішті 2021 жылғы сандық дерекпен салыстырсақ, үйсіз-күйсіз адамдар саны шамамен 300-ге артқан. Келушілердің 80 пайызы ішімдікке салынған адамдар көрінеді.
Бүгінде біздің мекемеде 171 үйсіз-күйсіз адам әлеуметтік көмек алады. Негізі орталық күндізгі бөлімде 180 адамды және түнгі бөлімде 50 адамды қабылдай алады. Келушілер саны жазда шамамен 70-ке жуық болса, , қыс түсіп, күн суытқанда олардың саны арта түседі. Жалпы бізге келетін адамдар 1 айдан 1 жылға дейін паналай алады. Олардың тұру мерзімі қызмет алушыға көрсетілетін түрлі әлеуметтік көмектердің санына байланысты. Мысалы, құжатсыз келген адамдарға қайтадан құжат рәсімдеу көп уақытты қажет етеді. Одан бөлек олардың денсаулық жағдайына да қатысты. Кейбіреулеріне қажеттілігіне қарай мүгедектік рәсімдейміз, қарттар үйіне де кезекке қоямыз,- дейді бөлім басшысы.