Елорда жаңалықтары

Елордада үй ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды. Алдын ала ақпарат бойынша ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Орын алған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды, - деп жазылған хабарламада.