Елорда жаңалықтары

Елордада имамдарға біліктілікті арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда имамдары мен теологтарының біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.

Оның  негізгі мақсаты – дін мамандарының біліктілігін арттыру.

Қатысушылар үшін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла, Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Ерназаров Алмас, Астана қаласының «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы Садырханов Жұманазар және Алматы қаласынан арнайы шақырылған «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD А.Ш. Жамашев пен кәсіби-психолог, Профессор PhD доктор Ә.А. Төлегенова, теолог Д.Д. Сақан баяндама жасады.

Шарада қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты қағидасы ретінде зайырлылыққа, дін қызметкерлерінің халықпен қарым-қатынасына, оңалту саласындағы өзекті мәселелерге, психологиялық әдіс-тәсілдерге және т.б. ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, бұл семинар Астана қаласы діндерді зерттеу орталығы тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.