Елорда жаңалықтары

Елордада ертең бірқатар көше уақытша жабылады

Астана қаласында 10 тамызда өтетін Jüregımnıñ jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 Көлік қозғалысына шектеу мына тәртіппен енгізіледі:

• Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;

• Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) жабылады;

• Сағат 7:00-ден 7:40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылы уақытша жабылады.

«Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытын ескергені жөн.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және баршаңызды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Heart Center Foundation қоғамдық қоры.