Елорда жаңалықтары

Елордада ерекше экологиялық акция өтті

 «Астана Арена» стадионында өткен Дженнифер Лопестің  шоуынан кейін көрермен қауым ерекше экологиялық бастама көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерт аяқталған соң жұрт трибунадан кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, мәдениеті мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Акцияға елорда тұрғындарының сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек те қосылды. Ол да көрермендермен бірге атсалысып, ерекше бастамаға үлес қосты.