Елорда жаңалықтары

Елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Астанада «Береке-Астана» қоғамдық бірлестігі бастамасымен балаларға арналған «Bereke Astana»  оңалту орталығы ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Орталықтың ашылу салтанаты әлеуметтік қызмет алатын балалардың әні мен  өлең жолдарынан басталды. Жиынға қатысқан Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы жаңа орталықтың ашылуымен құттықтап, ерекше балаларға  қызмет көрсетіп жүрген мамандарға алғыс білдірді. 

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.43.15.jpeg

«Береке Астана»  орталығы 2020 жылдан бері толыққанды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 250 мүмкіндігі шектеулі бала аптасына 3 рет осы орталыққа келеді. Дефектолог, логопед, психолог мамандар мен кәсіптік және аватерапевтер,  ЕДШ нұсқаушылары балалармен жұмыс жасайды. Оңалту бағдарламасы тегін жүргізіледі. 

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.43.03.jpeg

Орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлжан Кабзиеваның сөзінше,  тегін қызмет алу үшін әр баланың  дәрігер берген жеке оңалту бағдарламасы болуы қажет. 

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.44.31.jpeg

-->

Астанада денсаулығына байланысты әлеуметтік әрі медициналық көмекті қажет ететін балаларға арналған  оңалту орталықтарынын саны артып келе жатқанына қуаныштымыз. Біздің елімізде әрбір бала толыққанды өмір сүруі керек және оның дамуына үлкен қолдау көрсетіледі. Бұл орталық  ерекше балаларға және олардың ата-аналарына  үлкен үміт сыйлайды. Әкімдік тарапынан әрқашан қолдау көрсетіледі,- деді Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы. 

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.43.15.jpeg

«Береке Астана»  орталығы 2020 жылдан бері толыққанды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 250 мүмкіндігі шектеулі бала аптасына 3 рет осы орталыққа келеді. Дефектолог, логопед, психолог мамандар мен кәсіптік және аватерапевтер,  ЕДШ нұсқаушылары балалармен жұмыс жасайды. Оңалту бағдарламасы тегін жүргізіледі. 

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.43.03.jpeg

Орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлжан Кабзиеваның сөзінше,  тегін қызмет алу үшін әр баланың  дәрігер берген жеке оңалту бағдарламасы болуы қажет. 

Біздің орталықта балалар аптасына бір рет суға түсуге және атқа мінеуге барады. Балаларды арнайы автобуспен апарып келеміз. Біз бала саны артқан соң орталықты кеңейттік. Қала бойынша екі  филиалымыз бар. Ал осы әлеуметтік қызметті алу үшін мүгедектік туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы  және арнайы комиссия шешімі болуы қажет. Мамандар  1-ден 18-жасқа дейінгі балаларға көмектеседі,— дейді Гүлжан Кабзиева.