Елордада ерекше балаларға ағылшын тілі сабағы өтті
Астанада аутизм, ДЦП дертіне шалдыққан балаларға ағылшын тілінен ерекше дәріс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қоғамда ерекше балалардың саны артып жатқаны анық байқалады. Мысалы, 2022 жылы елімізде 12 мың бала осындай дертке шалдықса, 2024 жылы олардың көрсеткіші 16 мыңға өскен.
Елордада Гаухар Оразғалиева америкалық Allem методикасымен ДЦП, аутизмге ұшыраған балаларды оқытуды қолға алған.
10 баланың (4 ерекше бала) қатысуымен ұйымдастырылған сабақта оқушылар «Baby Fish» және «The Gingerbread Man» қойылымын ойнап, әртістік шеберліктерін шыңдады.
Мұндай дәрістер ағылшын тілін үйрену барысында ерекше балалар ғана емес, сау балаларға да пайдалы болып, қуаныш сыйлады.
-->Қоғамда ерекше балалардың саны артып жатқаны анық байқалады. Мысалы, 2022 жылы елімізде 12 мың бала осындай дертке шалдықса, 2024 жылы олардың көрсеткіші 16 мыңға өскен.
Елордада Гаухар Оразғалиева америкалық Allem методикасымен ДЦП, аутизмге ұшыраған балаларды оқытуды қолға алған.
Бұл жобаны қолдаған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымының басшысы Нұргүл Ұлжековаға алғысым шексіз. Бірге қолға алған жобамыздың арқасында әр балаға ерекше мән берудеміз.
Ағылшын тілін оқыту арқылы баланың тек физикалық тұрғыдан дамытып қана қоймай, қуаныш сыйлағымыз келеді. Олар сабақты тек лекция түрінде ғана емес, түрлі қойылымдар, ойындармен өтеді, - деді ұстаз Гаухар Оразғалиева.