Елорда жаңалықтары

Елордада «Елім дегендер» атты патриоттық флешмоб өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада ерекше флешмоб өтті. «Елім дегендер» атты шараға 100-ге жуық елорда тұрғыны қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шараның басты ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Әнұраны домбыраның сүйемелдеуімен орындалуы.

Әнұранды ең алғаш болып, «Астана – күй қанатында» қалалық байқауының жеңімпазы Таупих Ералы домбырамен орындап, одан кейін әрбір қатарды астаналықтар шырқап шықты.

Бұл флешмобтың мақсаты – елорда тұрғындарының патриоттық рухын көтеріп, елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру. Жиналған қауымның бірлігі мен елжандылығы көпшілікті қуантты.