Елорда жаңалықтары

Елордада электр желілері қайта жаңартылады

Бүгін Астанада  электр желілерін жөндеу жұмыстарымен таныстыру мақсатында  «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ нысандары бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

23-08-1.jpgҰлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қалалық департаменті ұйымдастырған шараға   қоғам белсенділері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Елорданы энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жаңғырту және жай-күйін жақсарту үшін «Астана-АЭК» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған жалпы сомасы 23 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға кірісті. 

23-08-3.jpg

Баспасөз турына қатысушылар «Астана-Өңірлік электржелілік компания» АҚ-на қарасты 3 нысанда жүргізілп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. 

23-08-4.jpg

Олар алдымен Мирзоян көшесі 29П мекенжайында орналасқан «ПНФ» шағын станциясына барды. 

Аталаған станция қаладағы Тәуелсіздік, Момышұлы, Мұңайтпасов және Абылай хан көшелерін  жылумен электржелілерімен қамтамасыз етеді. Бұған дейін трансформатордың күш қуаты 40 Кв болған. Ал қазір ол  63 Кв-қа жеткен. 

Одан кейін  қоғам белсенділері Күйші Дина 1 мекенжайында орналасқан 502-трансформаторлық  шағын станциясының жай-күйімен танысты. 

23-08-5.jpg

1967 жылы пайдалануға берілген станцияға соңғы рет жаңарту жұмыстары 2008 жылы жүргізілген. 

Соңғы нысан – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы «Орталық» шағын станциясы болды.1983 жылы құрылған станцияда жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. 

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру арқылы электр желілерінің тозуын және авариялылық жағдайларды азайту, энергиясының нормативтік ысырабын 10,7 пайыздан 9,8 пайызға қысқарту көзделіп отыр. 

23-08-6.jpg

-->

Бұл шағын станция алғаш рет 1985 жылдың басында іске қосылған. Соңғы рет қайта жаңарту жұмыстары 2008 жылы жүргізілді. Тұтынушылар санының ұлғаюына жне қолданыстағы желілер үшін қажетті қуат мөлшерінің өсуіне   байланысты бұрнығы трансформатордың қуаты жеткіліксіз болды. Сондықтан бұл станция жаңартылды. Оған тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 663 млн теңгені құрады, - деді  «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Абжанов. 

Аталаған станция қаладағы Тәуелсіздік, Момышұлы, Мұңайтпасов және Абылай хан көшелерін  жылумен электржелілерімен қамтамасыз етеді. Бұған дейін трансформатордың күш қуаты 40 Кв болған. Ал қазір ол  63 Кв-қа жеткен. 

Одан кейін  қоғам белсенділері Күйші Дина 1 мекенжайында орналасқан 502-трансформаторлық  шағын станциясының жай-күйімен танысты. 

23-08-5.jpg

1967 жылы пайдалануға берілген станцияға соңғы рет жаңарту жұмыстары 2008 жылы жүргізілген. 

Биыл инвестициялық бағдарлама аясында ескі жабдықтарды ауыстыруға 188,5 млн теңге ақша бөлінді. Соның нәтижесінде станцияның жұмыс істеу сапасы едәуір жақсарды  Бұрын тозу деңгейі 60 пайыз болған. Ал жаңарту жұмыстарынан соң 15 пайызды құрады. Бұл трансформатор  осы маңдағы 4 тұрғын үй кешенін, бағдаршам, мейрмхана, банк бөлімшесі, ұялы байланыс базалық станциясын электр энергиясымен қамтамасыз етеді, - деді «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Арман Алтайұлы. 

Соңғы нысан – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы «Орталық» шағын станциясы болды.1983 жылы құрылған станцияда жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. 

Бұл станцияда ТРДН 40000 2-күш беретін трансформаторы ауыстыру талап етілді. Т1 қызмет ету мерзімі – 40 жыл, Т2 – 49 жыл. Жалпы қуаттылығы 63 кВ. Одан бөлек, әкімшілік ғимараты жөнделеді. Бұған 908 млн теңге ақша бөлінді. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады,-  деді Арман Алтайұлы. 

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру арқылы электр желілерінің тозуын және авариялылық жағдайларды азайту, энергиясының нормативтік ысырабын 10,7 пайыздан 9,8 пайызға қысқарту көзделіп отыр. 

23-08-6.jpg

Қазіргі уақытта инвестициялық бағдарлама бойынша игерілген сома көлемі 2022 жылы – 7, 077 млрд теңгені құрады. Ал биыл 4,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта сол қаражаттың 1,7 млрд теңгесі игерілді.  Бүгінгі таңда тозу деңгейі 33,45 пайызды құрайды. Бұл – жалпы республика бойынша төмен көрсеткіштердің бірі, - деді Астана қаласы бойынша  Қоғамдық кеңес комиссиясының мүшесі  Мұстафин Марат.