Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті
Бүгін елордада «Жасыл жол - Ұрпаққа аманат» экологиялық акциясы аясында зейнеткерлер арасында велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Орталық саябақ аумағында өткен спорттық шарада 70-тен астам елордалық зейнеткерлер белсенділік танытты.
«Нұра ауданымен бірге ұйымдастырылып жатқан шарамыз алғаш рет өтіп жатыр. Бұл жердегі ерекшелік - ешқандай жеңімпаз болмайды. Ең бастысы егде жастағы азаматтарымызды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру», - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.
Спорттық мереке барысында қатысушылар тек велосипед теуіп қана қоймай, сайысқа түскен аумақты жинап, тазалықтың сақталуына үлес қосты.