Астанада екі бағдардағы автобустар саны артады
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде, 13 қыркүйекке дейін, №18 және № 37 бағдарларының жұмысы күшейтіледі.
Әр бағдарға қосымша 2 автобус қосылады:
- №18 бағдарда 17-ден 19 автобусқа;
- №37 бағдарда 15-тен 17 автобусқа көбейеді.