Елордада екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті жолаушылар!
7 наурыздан бастап Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №12, 35 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Өзгертілген қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.