Астанада демалыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасады
Астанада 9-10 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО-да өтеді. Ол әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін болады.
Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің жаңа өнімдерін сатып ала алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. ұсынады.