Елордада «Debat Eli» қоғамдық қоры ашылды
Елордада «Debat Eli» қоғамдық қоры ашылды
Іс-шараға Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев, Астана қаласы әкімдігі жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Ажар Саргубенова, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығындағы дебаттар қозғалысы жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшысы Нұркен Дәулет, сондай-ақ елорданың Оқушылар сарайының «Ұшқыр ой» пікірсайыс қозғалысының өкілдері және қаланың пікірсайыс клубтарының белсенді пікірсайысшылары қатысты.
«Debat Eli» қоғамдық қорының директоры Жанерке Шаймерден дебат ойындарын өткізудің маңызы мен ұйымның негізгі қызметіне кеңірек тоқталды.
Жиын барысында жаңа буын жастары әртүрлі тақырыпта пікірсайыс өткізудің маңызына, танымдық дағдыларды дамытатын дебаттың трендке айналғанын сөз етті. Қоғамдық қор 2026 жылы Астана қаласында студенттер арасында дебаттан Еуропа чемпионатын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Индира Бержанова
-->Іс-шараға Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев, Астана қаласы әкімдігі жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Ажар Саргубенова, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығындағы дебаттар қозғалысы жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшысы Нұркен Дәулет, сондай-ақ елорданың Оқушылар сарайының «Ұшқыр ой» пікірсайыс қозғалысының өкілдері және қаланың пікірсайыс клубтарының белсенді пікірсайысшылары қатысты.
«Debat Eli» қоғамдық қорының директоры Жанерке Шаймерден дебат ойындарын өткізудің маңызы мен ұйымның негізгі қызметіне кеңірек тоқталды.
«Пікірсайыс білім беру технологиясы ретінде жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Дебат арқылы жастар сыни ойлау, көшбасшы болу, әңгімелесушіні тыңдау мен түсіну секілді қабілеттерді игереді. Біз ел ішінде ғана емес, өзге мемлекеттерде де пікірсайыс қоғамдастығын дамыту, Қазақстанның барлық пікірсайысшысы үшін үлкен хабқа айналу және халықаралық пікірсайыс қоғамдастығына мүше болуды көздеп отырмыз», - деді Ж.Шаймерден.