Елорда жаңалықтары

Елордада Дархан Жүнісбековты еске алу кеші өтті

Елордада бір топ жастар «Darkhan Juzz» лақап атымен танымал Дархан Жүнісбековты еске алу кешін өткізді, деп хабарлады  Elorda.info. 

Ұйымдастырушылардың бірі Сабина есімді бойжеткеннің сөзінше, еске алу кешін өткізу жан-жақтан елордаға келген жастардың идеясы болған. Олар алғаш рет мұндай кешті  28 ақпанда, яғни әнші қайтыс болған күні өткізген. 

Өзің Нура деп таныстарған музыкант Дарханның әндерін жатқа білетінін жеткізді. 

Еске алу кешінде марқұм әншінің туындысын сүйіп тыңдайтындар бірге ән шырқады. 

Айта кетейік, Qazaq indie жанрында ән жазатын жас әнші 24 ақпанда  көз жұмған еді. 

-->

Мен Қазақ-түрік лицейінде  10 сыныпта оқимын. Осындай кеш ұйымдастыра алғанымызға қуаныштымын. Алғаш рет 28 ақпанда өтті. Бірақ ауа райына байланысты тұрғындардың көбі келе алмады. Сол себепті 40 күндігіне орай тағы да еске алу кешін өткізіп тұрмыз. Бүгін өз уақыттарын бөліп, Дарханды еске алуға келген барлық тыңдармандарға алғысымды айтамын. Дархан қазақ музыкасына үлкен еңбек сіңірді деп нақты айта аламын», — дейді Сабина. 

Өзің Нура деп таныстарған музыкант Дарханның әндерін жатқа білетінін жеткізді. 

Бүгін біз Дарханның әндерін айтып, оны еске алғымыз келді. Мен оны өте қатты сыйлаймын. Өзім Шымкенттің тумасымен. 2018 жылдары оның  әндерін жатқа айтып жүретінмін.  Біз жан-жақтан жиналған Дарханның тыңдармандарымыз. Барлығы Дарханды еске алып, әндерін әрқашан айтып жүрсе дейміз,- дейді ол.

Еске алу кешінде марқұм әншінің туындысын сүйіп тыңдайтындар бірге ән шырқады. 

Айта кетейік, Qazaq indie жанрында ән жазатын жас әнші 24 ақпанда  көз жұмған еді.