Елорда жаңалықтары

Елордада дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты бірінші республикалық конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған еліміздің білім басқармаларының өкілдері мен педагогтар қатысты. Ал қалалық әдістемелік орталықтың өкілдері «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының жұмыс тәжірибесімен таныстырды. 

Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығы өкілдерінің айтуынша, бұл жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған. 

Мұндағы басты мақсат – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы басталған.

-->

Халықаралық зерттеулер бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Онда респонденттердің 80 пайызы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан әртүрлі ауруларға шалдығатынын жеткізді. Негізінен бұл жобаны 2017 жылы Астана қаласының мектептеріне енгіздік. Осы уақытқа дейін 29 мектепте бұл бағдарлама оқытылады. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде ата-аналардың 70 пайызы балалардың тамақтануға қатысты көзқарасы өзгергендігін айтты. Жалпы оң нәтиже байқалады, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» бөлім басшысы Анар Досмухамет.

Мұндағы басты мақсат – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

Бұл жобаға қатысу міндетті емес. Жобаға тек 2-сынып оқушылары қатысады. Бір айта кетерлігі, бұған қатысуға ниет білдіргендер саны өте көп. Келесі оқу жылында 40-тан аса мектеп қатысады деген жоспарымыз бар, - деді Анар Досмухамет.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы басталған.

10 жыл ішінде педагогикалық және ата-аналармен бірлесе көптеген  жұмыс атқарылды. Олардың қатарында фестивальдер, конкурстар, онлайн кездесулер мен аспаздық сабақтар бар. 2022 жылы бағдарлама аясында мұғалімге арналған әдістемелік құралдан, жұмыс парақтарынан және оқушыларға арналған презентациялардан тұратын жаңа цифрлық курс құрылды. Ол сараптамадан сәтті өтіп, жаңа оқу жылында іске қосылады. Біз бұл курсты Астана мен Алматының ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінің педагогикалық жұртшылығы жоғары бағалайтынына сенімдіміз, - деді Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім бастығы Татьяна Ежова.