Елордада бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы болды
Астаналық полицейлер жүргізушілер мен тұрғындарға жолда абай болуды ескертеді, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 3 адам зардап шекті.
Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынның болуына байланысты жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын бұзбауға шақырады.
Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – көліктердің тежеу қашықтығын арттыратын дымқыл асфальт екенін де ескерген дұрыс.
Ол алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
-->Астанада бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 3 адам зардап шекті.
Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынның болуына байланысты жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын бұзбауға шақырады.
Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – көліктердің тежеу қашықтығын арттыратын дымқыл асфальт екенін де ескерген дұрыс.
Тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де абай болғаны жөн. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді арнайы белгіленген жерлерден кесіп өтуге кеңес береміз. Жолды кесіп өту кезінде гаджеттерге алаңдамай, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктердің жоқтығына көз жеткізгеніңіз маңызды.
Түнде жолды кесіп өткенде, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушыларға шағылыстыратын элементтерді пайдалануды ұсынамыз, - делінген хабарламада.
Ол алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.