Елордада белгісіз біреулер LRT вагондарына сурет салып кеткен: тергеу басталды
Астанада белгісіз біреулер жаңа LRT вагондарының сыртына заңсыз граффити салып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz CTS көлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания өкілінің айтуынша, бүгінде вагондарға рұқсатсыз сурет салу дерегі тіркеліп, құқық қорғау органдарына тапсырылған.

«Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен жабылған. Бұл бояудың негізгі жабынға сіңіп кетуіне кедергі болады», – деді CTS өкілі.
Қазіргі таңда бояуды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.