Елорда жаңалықтары

Елордада Бараев пен Уәлиханов көшесінің қиылысы ішінара жабылады

Астанада Бараев және Уәлиханов көшелерінің қиылысында жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты аталған учаске ішінара жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

21-22 қыркүйек аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолда кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ.