Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды
Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғыны WhatsApp мессенджерінің чатынан белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда рөл берілетіні туралы хабарламаны көрген. Балаларын киноға түсірмек болған әйел алаяққа 600 мың теңге аударған. Алайда екі ай бойы түрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамағасын әйел полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған.
Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
-->Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.