Елордада балалар жылдамдыққа жарысты
Астанада балалар жылдамдыққа жүгіріп, жарысты, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы спорттық іс-шара Триатлон саябағында өтті. Астанадағы көркем гимнастика академиясы ұйымдастырған марафонға 6 мен 14 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Жас спортшыларды қолдауға ата-аналары мен бапкерлері және белгілі қазақстандық спортшылар келді.
6-7 жас санатындағы балғындар 200 метрге, 8-9 жастағы балалар 300 метрге, 10-12 жастағылар жарты шақырымға және 12-14 жастағы жеткіншектер 700 метр қашықтыққа жүгірді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-->Астанада балалар жылдамдыққа жүгіріп, жарысты, деп хабарлады Elorda.info.