Елордада «Бақытты отбасы» орталығындағы аналар ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын «Бақытты отбасы» республикалық білім беру, ақпараттандыру әлеуметтік орталығы да қолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Акцияға оқу орталығында ісмерлік пен іскерлікке үйреніп жүрген елордалық аналар қатысты.
Айта кетейік, аталған орталық елордада 4 жылдан аса киелі қолөнеріміздің сан-алуан түрлерін жаңғырту және заман нарығына ілестіруді көп балалы, жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға үйретіп келеді. Орталықта 16 бағыттан астам сабақтар ұйымдастырылған.
-->Акцияға оқу орталығында ісмерлік пен іскерлікке үйреніп жүрген елордалық аналар қатысты.
Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр. Көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбейді. Мәселен, спортшылар, өнер жұлдыздары, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары және тағы да басқа ел өміріне бей-жай қарай алмайтын замандастарымыздың аталған акцияға деген ынтасы жоғары. Міне, бүгін «Бақытты отбасы» орталығы ұжымы сенбілікке жиналып, мекеме маңына көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада.