Елорда жаңалықтары

Елордада бүлдіршіндер арасында ерекше байқау өтті

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ерекше сайыс өткізді. Бибігүл Төлегенова атындағы Creative мектебінде мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтарына арналған «Көркемсөз шебері» қалалық мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, тілін мәнерлі, бейнелі етуге машықтандыру, балалардың сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.

Байқауға 68 балабақшадан 68 қатысушы (мемлекеттік балабақша – 39, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан жекеменшік балабақшасы – 29) өз бақтарын сынады. №37 балабақшасының тәрбиеленушісі Айбегім Абітжан, «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушісі Айсара Ескенова үздік деп танылып, «Астана дарыны» орталығының кубогын иеленді.

І орын – 15 (№16 «Шағала», №78 «Асыл», №8 «Думан», №67 «Шұғыла», №9 «Нұршашу», №18 «Аяжан», №49 «Алтынай», «Алпамыс» 5 тәрбиеленуші, «BI-BALA 2» 2 тәрбиеленуші, «Ақжол-РА»);

ІІ орын – 21 (№52 «Еркетай», №14 «Ақбөпе», №86 «Зияткер», №91 «Еңлік», №23 «Алтын бесік», №26 «Үміт», №50 «Жұлдыз», №51 «Алтын сандық», №66 «Толағай», «Бақытты бала IQ», «Алпамыс» 5 тәрбиеленуші, ИРСУ «Аруана» 3 тәрбиеленуші, Asyl besik, Kidz n Totz, «Тәй тәй star»);

ІІІ орын – 18 (№79 «Шабыт», №31 «Ақ сұңқар», №76 «Әдемі», №54 «Нұр-Ай», №35 «Ертегі», №98 «Мирас», №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы,№32 «Балдәурен», №65 «Бал бала», №68 «Балбұлақ», «Ерке 2020», «Исмар-К», Kidz n Totz, Asyl besik 2 тәрбиеленуші, «Алпамыс» 3 тәрбиеленуші).