Елорда жаңалықтары

Елордада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу» жобасы аясында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 20-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ұйымдастырылады. Бірінші Әл-Фараби даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына қарай, кейін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.