Елордада автобус аялдамасына кедергі келтірген көлік иелері жауапқа тартылды
«Әзірет Сұлтан мешіті» аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 15 тамыздан бастап рейд өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынұлы көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін «Аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Оны көлік жүргізушілері елемей, жеке және қызметтік көліктерін жол бойына қалдырып жатады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді.
Бірлескен жұмыс барысында 80 көлік иесіне түсіндіру жүргізіліп, 50 адамға әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 30 автомашинадан мемлекеттік нөмірлері тәркіленді.
Көлік жүргізушілері жол жүру ережесін сақтауы және өзге көлік түрлеріне сыйластық танытуы қажет.
-->Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынұлы көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін «Аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Оны көлік жүргізушілері елемей, жеке және қызметтік көліктерін жол бойына қалдырып жатады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді.